Қазақстан мен Ресей екіжақты қарым-қатынасты дамытуда зор нәтижеге қол жеткізді
Ресей президентінің сайтында хабарланғандай, Владимир Путин шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларын Рождество мерекесімен және алда келе жатқан 2022 жылмен құттықтады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Тұңғыш Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған құттықтау жеделхаттарында Владимир Путин эпидемиялық ахуалға қарамастан, өткен жылы қос тарап екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда да, еуразиялық интеграциялық процестерді ілгерілетуде де елеулі табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. РФ президентінің баспасөз қызметі
Құттықтауда атап өтілгендей, Ресей мен Қазақстанның XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы осы тұрғыда өте маңызды іс-шара болды: оның қорытындысы бойынша жасалған келісімдер өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Ресей президенті бірлескен күш-жігер арқасында Ресей мен Қазақстан – бауырлас халықтарының игілігі үшін, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік мүддесінде стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі жан-жақты нығайтуды қамтамасыз етуге қол жеткізетініне сенім білдірді. РФ президентінің баспасөз қызметі
23 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайынғы баспасөз конференциясы өтті, оның барысында ол Ресейдің Қазақстанмен ерекше қарым-қатынас орнатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстан басшылығына орыс тілін қолдау мен дамытуға деген ықыласы үшін алғысын білдірді.
28 желтоқсанда ТМД-ның бейресми саммиті аясында Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 2022 жылдың басында Ресей Федерациясына ресми сапармен келуге шақырды.