Жаңалықтар тізбегі
0

Германияның бірнеше өңірінде СOVID шектеулеріне байланысты жаппай шеру өтті

Вакциналауға қарсы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2022 12:05 Сурет: pixabay
Дюссельдорфта 7500-ден астам, Фрайбургтегі 5500-ге жуық, Баварияда 2000-нан астам адам көшеге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

22 қаңтарда Германияда мыңдаған адамдар COVID шектеулеріне және міндетті вакциналауға қарсы наразылық білдіріп, әр аймақтағы қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Полицияның мәліметінше, Солтүстік Рейн – Вестфалия федералды өңірінің орталығы Дюссельдорфта ұйымдастырушылар тек 3500 деп ескерткеніне қарамастан, наразылық акциясына 7500-ден астам адам қатысты.

Баден-Вюртемберг федералды өңіріндегі студенттер қалашығы Фрайбургте шеруге 5500-ге жуық адам қатысты, оларға қарсы демонстрацияға 2000-ға жуық жиналды.

Гамбургтің әртүрлі аудандарында үш наразылық акциясы өтті, барлығын қосқанда 4900-ге жуық, Бавариядағы Регенсбург және Ансбах көшелеріне 2000-нан астам, Оснабрюкте – 1750-ге жуық, Оффенбахта (Гессен өңірі) – 1200-ге жуық, Мекленбург-Алдыңғы Померания федералды округінің астанасы Шверинде 1100-ге жуық адам жиналды.

Осындай акциялар Штутгартта, Ганноверде, Лейпцигте, Дрезденде, Эрфуртта және басқа да қалаларда өтті.

Жалпы, акциялар бейбіт түрде өтті, кейбір жерлерде олар қарсыластар мен коронавирус шектеулерін жақтаушылар арасындағы сөзталасқа ұласқан кезі болды. Демонстрацияларға қатысушылар бетперде тағудан бас тартты.

22 қаңтарда Германияда коронавирус инфекциясының күрт өсімі тіркеліп, жеті күндік коэффициент жүз мың адамға шаққанда 772,7-ге жетті, деп хабарлады Роберт Кох институты (RKI). Сонымен қатар, коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім санының біршама төмендеуі байқалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: