Ердоған өз денсаулығына байланысты тілек білдірген Тоқаевқа жауап қатты
Сурет: Instagram/trreceptayyiperdogan_inrussian
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желі арқылы денсаулығына байланысты білдірген игі тілегі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Президент Тоқаев мырза, Cізге өз және әйелім Эминаның атынан білдірген игі тілектеріңіз үшін алғысымды жеткізгім келеді. Бауырлас Қазақстан халқына сәлемімді әрі сүйіспеншілігімді жолдаймын, - деп жазды Режеп Тайып Ердоған өзінің Twitter-дегі парақшасында.
— Recep Tayyip Erdoğan (@RTErdogan) February 6, 2022Sayın Cumhurbaşkanı Tokayev, güzel temennileriniz için şahsım ve eşim Emine Hanım adına teşekkür ediyorum. Kardeş Kazakistan halkına selam ve muhabbetlerimi gönderiyorum. https://t.co/DC1s9Z7KH5
Күні кеше Түркия Президенті Ердоған өзі мен әйелінен коронавирус анықталғанын хабарлаған. Онысы - "омикрон" және ауру жеңіл жүріп жатқанын жеткізген. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның жұбайының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript