Байден АҚШ банктеріндегі Ауғанстанның активтерін бұғаттады
Сурет: pixabay
Активтердің жартысын Ауғанстан халқының гуманитарлық қажеттіліктері үшін пайдалану ұсынылады. Екінші жартысы АҚШ-та қалады және ол террористік шабуыл құрбандарының отбасыларына өтемақы төлеу үшін пайдаланылады, деп хабарлайды Zakon.kz
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ банктерінде сақтаулы Ауғанстан Орталық банкінің активтерін бұғаттауды көздейтін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің хабарламасында айтылған.
Ауған активтері Нью-Йорк Федералды резервтік банкіндегі бірыңғай арнайы сенім қорына аударылады.
Активтердің жартысын Ауғанстан халқының гуманитарлық қажеттіліктері үшін пайдалану ұсынылады. Екінші жартысы АҚШ-та қалады және ол террористік шабуыл құрбандарының отбасыларына өтемақы төлеу үшін пайдаланылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript