Түркияның Сыртқы істер министрі COVID-19 жұқтырып алды
Сурет: Twitter/Mevlüt Çavuşoğlu
Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы коронавирус инфекциясын жұқтырып алды, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
COVID-19 бойынша өткізген сынамадан бүгін оң нәтиже шықты. Бақытымызға орай, ауру жеңіл жүріп жатыр. Оқшауланып, біраз уақыт жұмысымды үйден жалғастырамын. Мевлют Чавушоғлы
— Mevlüt Çavuşoğlu (@MevlutCavusoglu) February 16, 2022Bugün yaptırdığım Covid-19 testim pozitif çıktı.
Hamdolsun, hastalığı hafif geçiriyorum. Çalışmalarıma ara vermeden bir süre evden devam edeceğim.
Rabbim tüm hastalarımıza şifa versin.
5 ақпанда Түркия Президенті мен оның әйелі коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырғаны белгілі болды. Режеп Тайып Ердоған ауруының жеңіл жүріп жатқанын айтқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript