Беларусьте референдум өтіп жатыр
Беларусь Республикасында Конституцияға сәйкес өткізіліп жатқан референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
Беларусь территориясында республикалық референдумда дауыс беру үшін 5510 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 217-сі санаторийлерде, амбулаторияларда, демалыс үйлерінде, ауруханаларда және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында, 12-сі әскери бөлімдерде орнатылған.
Ресферендумда "Конституцияға енгізілетін өзгерістермен келісесіз бе, жоқ па" бір-ақ сұраққа жауап беру талап етіледі.
Референдум жалпыға бірдей, еркін, тең және жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Оған 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Референдумға әрбір қатысушы жеке дауыс береді. Егер оған дауыс беру тізімдеріне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, референдум өтті деп есептеледі.