Беларусьте Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі референдум өтті деп саналды
Дауыс беруге арналған учаскелерге жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де келушілер саны 50 пайыздан асып, 52,85 пайызды құрады, делінген осы елдің ОСК Telegram-арнасында.
Сайлау және республикалық референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның хатшысы Елена Балдовская атап өткендей, қандай да бір заң бұзушылықтар әлі тіркелген жоқ.
Дауыс беруге арналған бюллетеньге бір ғана сұрақ енгізілді: "Сіз Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдайсыз ба?». Егер референдумға дауыс беруге арналған тізімге енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, ол өткізілді деп есептеледі.
Беларусьте дауыс беру учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болады.