Ресей делегациясы Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Беларуське ұшып кетті
Сурет: zakon.kz
Ресей Федерациясының өкілдері мінген ұшақ Брест әуежайына қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости сайтының жазуынша, делегация құрамы өзгермеген.
Украина өкілдерінің келген-келмегені әзірге белгісіз, бірақ агенттік саясаттанушы Юрий Воскресенскийге сілтеме жасап хабарлауынша, келіссөздердің үшінші раунды 7 наурыз күні Мәскеу уақытымен 15:00-ге (Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00) жоспарланған. Бұл келіссөз де екінші раунд өткен жерде өтуі керек.
Келіссөздердің алғашқы екі раунды Беларусь аумағында 28 ақпан мен 2 наурызда өтті. Екінші раунд барысында тараптар гуманитарлық дәліз ашу туралы келісімге келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript