Нұрсұлтан Назарбаев Анталия дипломатиялық форумына қатысты
Форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, саясаткерлер, дипломаттар, бизнес көшбасшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында кең ауқымды мәселелер, соның ішінде «Дипломатияны қайта құру» деген жалпыға ортақ тақырып талқыланды.
Елбасы Түркия президентіне халықаралық форумға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, қазіргі жаһандық геосаяси өзгерістер кезінде бұл жиынның маңызы ерекше екенін айтты.
Режеп Тайып Ердоған Қазақстан мен Түркия арасында қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуына Нұрсұлтан Назарбаев қомақты үлес қосқанын жеткізді. Сонымен қатар Түркия президенті түркі әлемі елдерінің интеграциялық процесін кеңейту әрі тереңдету ісіндегі Қазақстанның тұңғыш президентінің қызметіне жоғары баға берді.
Кездесуде тараптар күн тәртібіндегі ең өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алысты. Олар Украинадағы әскери қақтығысты дипломатия және мемлекетаралық диалогты қалпына келтіру арқылы шешу бағытында күш-жігер жұмсаудың маңызды екенін айтты.