Минаға ұқсас зат. Бозфор бұғазы жабылып, кемелерді қабылдауды тоқтатты
Сурет: pixabay
Босфор бұғазында кемелердің жүзуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС хабарлағандай, бұл шара жарылғыш затқа ұқсас объектінің табылғандығы туралы хабарламаларға байланысты қолға алынды.
26 наурызда Азаматтық коммерциялық кеме Босфордың жағалау аймағынан минаға ұқсас нысанды тапқаннан кейін суасты қорғаныс тобы оқиға орнына шұғыл жетті. Минаға ұқсас нысанды су асты қорғаныс командалары бақылауға алып, оны бейтараптандыруға әрекет жасалды. Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі
Ведомствоның мәліметінше, минаға ұқсас зат залалсыздандырылды.
Бұған дейін Ресейдің ФҚҚ Украинаның әскери күштері Одесса, Қара теңіз, Оңтүстік және Очаков порттарының маңайына шамамен 420 мина орнатқанын ескерткен болатын. Олар байланған миналардың босап, су ағынымен Босфор бұғазына және одан ары Жерорта теңізі бассейніне түсуі мүмкін екенін болжайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript