Қараша айында әлем бойынша локдаун енгізіледі – фейк
Сурет: Zakon.kz
Доктор Фаучидің CNN телеарнасындағы сөзінен кейін глобалистер осы жылдың қараша айында әлемде локдаун дайындап жатқандығы туралы айтыла бастады. Кейін бұл ақпардың жалған екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Доктор Энтони Фаучер биыл 18 наурызда COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын және қажет болған жағдайда шектеулер енгізу үшін аурудың таралуы мен өлім-жітімді бақылау қажет деп мәлімдеген. Алайда АҚШ-та, тіпті әлемде толық локдаун енгізу туралы сөз болған жоқ.
stopfake.kz телеграм арнасының жазуынша, Энтони Фаучи АҚШ-тан тыс жерлерде карантиндік шектеулер енгізу немесе алып тастау туралы мәселелерді шешпейді. Бұл мәселелермен әрбір жеке мемлекеттегі санитарлық дәрігерлер айналысады.
Қазіргі кезде қараша айындағы эпидемиологиялық жағдайға нақты болжам жасау мүмкін емес. Демек, бүкіл әлемде пандемияның жаңа толқыны болады деп айту негізсіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript