Путин мен Шольц газды рубльмен сату мәселесін талқылады
Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгіме барысында Ресей президенті ГФР-ға да тасымалданатын газ ақысы төлемін рубльге ауыстыру туралы шешім Еуроодақ елдерінің Ресей банкі валюталық резервтерін бұғаттаумен байланысты болғанын түсіндірді.
Қабылданған шешім Ресей газын импорттаушы еуропалық компаниялар үшін келісімшарт жағдайларының нашарлауына әкеліп соқпауы керектігі атап өтілді. Бұл туралы екі елдің сарапшылары қосымша келіссөздер жүргізеді деп келісілді
Сондай-ақ, тараптар бір күн бұрын Ыстамбұлда өткен Ресей және Украина өкілдері келіссөздерінің кезекті раундына байланысты пікір алмасты, сондай-ақ бейбіт тұрғындарды ұрыс алаңдарынан, ең алдымен Мариупольден эвакуациялауды қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Кейінірек Владимир Путин Италияның премьер-министрі Марио Драгимен де сөйлескен кезде табиғи газдың төлемін рубльге ауыстыруға не себеп болғанын түсіндірді.