Тәліптер Ауғанстанда көкнәр өсіруге тыйым салды
Ауғанстанда билікке келген "Талибан" ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) бүкіл ел өңірінде көкнәр өсіруге тыйым салды. Қозғалыстың жоғарғы басшысы Хайбатулла Ахундзада осындай бұйрық шығарды, деп хабарлайды ТАСС.
Талибан көшбасшысы бұйрығында барлық ауғандықтар көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғандығынан хабарланғаны айтылған.
"Талибанның" жоғарғы басшысының бұйрығын бұзғандарды шариғат заңдары бойынша соттайды, ал табылған көкнәр алқабы дереу жойылады.
Сонымен қатар, Ахундзада бүйрығы бойынша "есірткінің барлық түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі заттары бар таблеткалар мен алкогольді пайдалануға, тасымалдауға, сатуға, экспорттауға және импорттауға да" тыйым салынады.
Ауғанстанда есірткі өндіретін барлық кәсіпорындардың егіс алқабының барлығы тыйымға кіреді.