Шри-Ланкада төтенше жағдай жарияланды
Сурет: pixabay
Шри-Ланка елдегі дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Мемлекеттік медицина қызметкерлері қауымдастығының хатшысы Шенал Фернандо мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бұл дағдарыс шетелдік валютаның тапшылығынан туындап отыр. Өйткені коронавирус пандемиясының кесірінен туристер саны азайған.
Сондай-ақ елде азық-түлік пен аса қажетті тауарлардың, жанар-жағармай мен газ тапшылығы да сезілуде.
Үкімет халықты ең қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қажетті қаражатты бөлу үшін дамыту жобаларын қысқартуы керек.Мемлекеттік медицина қызметкерлері қауымдастығының хатшысы Шенал Фернандо
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript