Беларусь елден бір келіден артық қант, тұз, ұн алып шығуға тыйым салды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Беларусь өкіметі өндірістік тауарлардың жекелеген түрлерін елден алып шығуға шектеулер енгізілгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazeta.ru мәліметіннше, елдің шекаралас аудандарында азық-түлік өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты осындай шектеулер енгізілген.
Атап айтқанда, қазір қарақұмық, бидай ұны, бірқатар жарма түрлерін (қарақұмық, күріш, жарма, сұлы, тары және сұлы жармасы), қант, тұз және макарон өнімдерінен тек бір келілеп алып шығуға рұқсат етіледі.
Өсімдік майы (1 литр), сондай-ақ балалар тағамынан басқа ет, сүт және балық консервілері де шектеуге енеді, олардан тек үш банкіге дейін алуға рұқсат.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript