Бейжіңде кафе мен мейрамханалар жұмысына уақытша шектеу енгізілді
Rg.ru мәліметінше, 5 мамырдан бастап Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарына "қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктердің барлық түрлерін" қолдану тек толық вакциналау курсын алғанын растаумен қатар 48 сағат ішінде жасалған COVID-19 ПТР-тест анықтамасын көрсеткен жағдайда мүмкін болады.
Сондай-ақ Бейжің билігі коронавирустың жеңіл белгілері бар науқастарға арналған 4 мың аурухана төсек-орнын даярлап, енді үлкен карантиндік алаңдарды құруды тездетіп жатқандарын айтты.
Қытай бір тәулік ішінде COVID-тің 10 700-ден астам жағдайы тіркелгенін хабарлады, олардың көпшілігі ҚХР экономикасының қозғаушы ошағы Шанхайда анықталды. Мамырдың бес күндік демалыс кезеңі, әдетте, Қытайдағы ең көп саяхаттайтын кезеңдердің бірі болып табылады, бірақ елде COVID-19-ға шалдығушылардың көбеюіне байланысты тұрғындардан өз үйінде қалу сұралады.