Солтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді
Бейсенбі күні Солтүстік Корея COVID-19-дың алғашқы жағдайы туралы хабарлады және вирусты бақылау жүйесінің енгізілгенін жариялады, деп жазды Yonhap.
Билік Пхеньяндағы қызуы көтерілген науқастардан алынған сынамалар omicron штамымен бірдей деген қорытындыға келді.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын «күтпеген дағдарысты» еңсеруге уәде берді.
Бұған дейін КХДР-да коронавирус жұқтырған деген күдіктің алғашқы жағдайы тіркелді. Оңтүстік Кореядан оралған ер адамда COVID-19 белгілері анықталды.
Осыған байланысты Кэсон қаласында қатаң карантиндік шаралар режимі енгізілді. Ықтимал ауру адаммен байланыста болғандардың барлығы дәрігердің тұрақты бақылауында болды. Қаланың өзінде аудандар бір-бірінен оқшауланған болатын.