Германия СІМ: Украинадағы порттарда 25 млн тонна астық бұғатталып тұр
ТАСС хабарлағандай, ол Германияның солтүстігіндегі Вангельс коммунасында (Шлезвиг-Гольштейн федералды жері) жеті топтың (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі алдында осылай деп мәлімдеді.
Берлоктың пікірінше, Украинадағы дағдарыс жаһандық дағдарысқа айналды әрі бұл, ең алдымен, "Украинадан астық тасымалдау енді мүмкін болмайтындығымен" байланысты.
Қазір Украинаның порттарында, ең алдымен Одессада 25 миллион тонна бидай бұғатта қалды, – деді Бербок.
Министр бұл астық, әсіресе Африка мен Таяу Шығыс елдерінде сұранысқа ие екенін атап өтті.
Оның айтуынша, азық-түлік дағдарысы жаһандық климаттық өзгерістермен күрделене түседі. Сонымен қатар ол Мәскеуді Ресей Федерациясы Украинадағы жағдайды "әлемдік қауымдастыққа іріткі салу" үшін қолдануда деп айыптады.