Жаңалықтар тізбегі
0

Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы

Маймыл шешегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 23:54 Сурет: pexels
ДДСҰ күдікті белгілер анықталған жағдайда, оған бей-жай қарамауға, денсаулық жағдайына назар аударуға және дәрігерге дер кезінде жүгінуге кеңес береді. Бірақ ұйымдағылар осыған бола саяхаттарды шектеу немесе арнайы вакциналау бағдарламасын жүргізу қажет деп таппайды, деп хабарлайды Zakon.k

COVID-19-дан айырмашылығы, маймыл шешегі ауа арқылы берілмейді. Бұл ауруға қарсы вакцина жоғары тиімді болып есептеледі, деп хабарлайды earth-chronicles.ru сайты. Сондықтан бұл арада дүрбелеңге салынуға негіз жоқ деп сендіреді ДДСҰ.

Вирус Африка құрлығынан тыс жерде көптеп анықталып жатқаны атап өтіледі. 2003 жылдың ортасында АҚШ-тың ауруларды алдын-алу және бақылау орталығы Американың алты штатында 71 жағдайды тіркеді. 35 жағдайда зертханалық зерттеулер аурудың себебі маймыл шешек вирусы екенін растады. Бұл расталған жағдайлардың барлығы Иллинойс штатындағы жануарлар дистрибьюторынан сатып алынған, аурудың тарауына жол берген Прейри иттерімен байланысты болып шықты, олар өз кезегінде ауруды гамбиялық алып егеуқұйрықтардан ауру жұқтырған.

2018 жылы Ұлыбританияда да үш жағдай тіркелді. Бірақ бір де бір жағдай басқа екеуіне тікелей байланысты болмай шықты.

Маймыл шешегі әлі күнге дейін сепсис пен энцефалиттіен бастап, көздің инфекциясына байланысты соқырлыққа дейін апаратын ауыр ауру болып саналады. Медициналық емделусіз немесе вакциналаусыз, оны жұқтырған адамдардың оннан бір бөлігінде кісі өлімі тіркеледі, әсіресе балаларға келгенде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: