Түркия шешіміне сәйкес Қара теңізде НАТО-ның әскери жаттығулары өтпей қалды
Сурет: Instagram/nato
Түркия Қара теңізге әскери кемелердің жіберілуіне тыйым сала алатын Монтре конвенциясының ережелеріне сәйкес НАТО-ның жоспарлы әскери жаттығуларын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Anadolu агенттігіне берген сұқбатында Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы осылай деп мәлімдеді.
Біз Монтре конвенциясын енгіздік, оған сәйкес әуе кеңістігімізді ашық қалдыруға мәжбүр болдық ... Сондай-ақ НАТО-ның алдын-ала жоспарланған жаттығуларынан да бас тарттық. Яғни, біз маңызды рөл атқарамыз. Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглы
Оның пікірінше, бұл шешім Украинадағы қақтығыс барысында Түркияның арағайындық ету мәртебесін растау болып табылады.
Монтре конвенциясы 1936 жылы қабылданды. Ол сауда кемелеріне бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да аталған бұғаздар арқылы өтуге еркіндік береді, бірақ барлығына арналған режимдер әртүрлі. Төтенше жағдайлар кезінде Түркия Босфор мен Дарданелл бұғазы арқылы әскери кемелердің өтуіне тыйым салуға немесе шектеуге құқылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript