АҚШ Ресей мен Беларусьтің 71 компаниясына санкция салды
2 маусымда АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізіміне тағы 70-тен астам ресейлік және беларусь кәсіпорнын, соның ішінде ұшақ зауыттары, кеме жасау және ғылыми-зерттеу институттарын қосты, деп жазды Deutsche Welle.
Санкцияға барлығы 71 кәсіпорын, оның ішінде Илюшин атындағы авиациялық кешен, Яковлев атындағы тәжірбиелік-конструкторлық бюро, Рубин орталық кеме техникасы конструкторлық бюросы, «Малахит» теңіз машина жасау бюросы, «Алмаз» теңіз конструкторлық бюросы, «Газпром нефть шельф» компаниясы, Ресей Қорғаныс министрлігінің теңізді зерттеу бас басқармасы және Ресей ғылым академиясының бірқатар құрылымдары.
Мұндай шектеулер ресейлік қорғаныс саласын АҚШ-тың әскери технологиясына қолжетімділіктен айыру және «Ресейді әлемдік қаржылық парияға айналдыру» әрекеттерінің бір бөлігі ретінде енгізіліп жатыр.