Жаңалықтар тізбегі
0

Референдум-2022: Шетелдегі Қазақстан азаматтары да белсенді дауыс беруде

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09 Сурет: ҚР СІМ
Шетелдегі Қазақстан азаматтары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысып, белсенді дауы беріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандық Токио қаласындағы жақында 18 жасқа толған жас сайлаушы Алижан Салиев болды. Бұл оның алғашқы сайлауы және ол осы өзінің құқығын қуана іске асырды. 

Мен жақында 18 жасқа толдым және осындай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу мен үшін өте қызықты. Оған қоса бұл үлкен жауапкершілік, өйткені менің дауысым да Конституцияны жаңартуда ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған елге айналғанын қалаймын. Алижан Салиев

Қазақстандықтар Токиоға Жапонияның әр түкпірінен, соның ішінде Хиросима, Осака және Киото сияқты алыс префектуралардан да дауыс беруге келіп жатыр. Оңтүстік Кореяның астанасындағы № 258 учаскеге алғаш болып қазақстандық отбасы Кәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді.

Дауыс берушілер, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады .

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды.

Референдум-2020, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Ереван мен Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істей бастады.

Дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Нью-Дели мен Исламабадтағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.

Дауыс беруде, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Эр-Рияд, Джидда, Маскат, Дохада сайлау учаскелері жұмыс істей бастады.

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыдағы сайлау учаскелері дауыс берушілер үшін есіктерін ашты.

Дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Ирандағы отандастарымыздың өтініштері негізінде учаскелік комиссия «Заркух» қазақстандық компаниясына тиесілі және елдің батыс бөлігінде орналасқан алтын кен орнында дауыс беру процесін жүзеге асырды.

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Анкара, Ыстанбұл және Анталиядағы сайлау учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмысын бастады.

Дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Таяу Шығыста Амман, Каир және Тель-Авивтегі сайлау учаскелері де жұмыс істей бастады.

Референдум-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 12:09

Сурет: ҚР СІМ

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: