Тағы екі ел туристер үшін COVID-19 шектеулерін алып тастады
Сурет: pixabay
Эстония үкіметі пандемияға қарсы барлық шектеуді алып тастады. Сонымен, 16 маусымнан бастап Эстонияға кіру үшін вакцинация құжаты қажет емес, деп хабарлайды Zakon.kz.
Эстония ЕО-дағы ковид шектеулерін алып тастаған соңғы елдердің бірі болды. 7 маусымға қарай көптеген Еуропа елдері шектеулерді алып тастады.
Мысыр үкіметі де пандемияға байланысты туристерге қойылған барлық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Қаулы 17 маусымда күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript