Ауғанстанда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны артты
Гаян және Бармал аудандарында жер сілкісінен қайтыс болғандар саны туралы ақпаратты провинцияның Ақпарат және мәдениет департаментінің басшысы Мохаммад Амин Хозаифа мәлімдеді.
Табиғи апаттарды жою басқармасы таратқан мәлімет бойынша, көрші Хост провинциясында 25 адам қайтыс болды, тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Нангархар провинциясында бес адам қайтыс болды, деп жазды RBC.
Бұған дейін Ауғанстан ІІМ қаза тапқандар саны 950-ге жетіп, 600-ден астам адам жарақат алғаны туралы мәлімет берген болатын.
22 маусымда Ауғанстанда 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл Пактика провинциясындағы Наки, Зирок, Бармал және Гаян аудандарына әсер етті. Жер асты дүмпулері екі провинциядағы тұрғын үйлерді қиратты.