Әлемде балалар арасында «шығу тегі белгісіз» гепатиттің 920 жағдайы анықталды – ДДСҰ
Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлем бойынша шығу тегі белгісіз гепатиттің 920 болжамды жағдайы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ДДСҰ баспасөз хабарламасында айтылғандай, күмәнді ауру 33 мемлекетте анықталған.
27 мамырда осы ауру туралы алдын ала үнпарақ жарияланғаннан бері ДДСҰ-ға тағы 270 жаңа ықтимал жағдайлар жайлы ақпарат келіп түсті. Органдарды трансплантациялау бойынша ота жасауды 45 бала қажет етті, ал 18 науқас қайтыс болды.
Шығу тегі белгісіз гепатит жағдайларының жартысы Еуропа елдерінде анықталып жатыр.
8 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс аурудың 700-ден астам ықтимал жағдайлары тіркелгені туралы хабарлады.
ДДСҰ тәуекелді жаһандық деңгейде қалыпты деп бағалайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript