Жаңалықтар тізбегі
0

БҰҰ Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 110 миллион доллар сұрады

Ауғанстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 12:13 Сурет: pixabay
БҰҰ агенттіктері донорларды Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 110 миллион доллар бөлуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сома алдағы үш айда 362 мың адамға шұғыл көмек көрсетуге есептелген. Ақша Пактика және Хост провинцияларындағы зардап шеккендерге жіберіледі.

Еске салайық, Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 6,1 балға жетіп, Пактика провинциясының Наки, Зирок, Бармал және Гаян аудандарына әсер етті. Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны мыңнан асқаны хабарланды. Тағы 1500 адам жарақат алды.

Ауғанстандағы жер сілкінісінен үйлер, медицина мекемелері мен мектептер қирады. Су және электр желілері зақымданған. Соның салдарынан мыңдаған адам баспанасыз, тұрмыстық қызмет түрлерін пайдалана алмай қалды.

Жаңа үндеу биылғы Ауғанстанның гуманитарлық әрекет ету жоспарының басым бөлігіне кіреді. Оған 4,4 миллиард доллард қарастырылған. Жоспар бар болғаны 34% ғана қаржыландырылды, деп хабарлады БҰҰ.

Донорлардың Ауғанстанға кейінгі он айда көрсеткен жомарттығына қарамастан мен халықаралық қауымдастықты халық төтенше жағдайға тап болғанда тағы да қосымша қаражат қосуға шақырамын. Қаржы зардап шеккен адамдарға көмектесіп, халыққа қолдау білдіріп, олардың өмірін сақтап қалу үшін керек.БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілінің орынбасары Рамиз Алакбаров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: