Жаңалықтар тізбегі
0

Канадада әскери қызметкерлерге белдемше киюге, тырнақ өсіруге рұқсат етілмек

Канада, әскери қызметкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2022 16:33 Сурет: pixabay
Ел үкіметі қыркүйекте күшіне енетін бірыңғай ереженің жаңартылған нұсқасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы далалық киімдер енді жынысқа қарай бөлінбейді. Екі каталог та барлық әскери қызметкерлерге қолжетімді және аралас болуы мүмкін, – деп жазды РИА Новости үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Жаңа ережеге сәйкес, ер адамдар белдемше және әйелдер басқа да киімдерін кие алады. Сонымен бірге жарғы кейбір жағдайларда, мысалы, шерулер кезінде киім таңдауға шектеулер енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа жарғыда шаш өсіруге рұқсат етіледі, бірақ иықтан асса, шашты буып қою керек. Ал салтанатты рәсімдерде жағадан асатын шашты жинап қою қажет.

Құжатта әскери қызметкерлерге шашын кез келген түске, соның ішінде табиғи емес түстерге бояуға рұқсат етілген, ашық түс жұмысқа кедергі келтірмесе болғаны. Сондай-ақ, денеге татуаж салуға да рұқсат етілмек. Бірақ ол қылмыстық ұйымдардың нышаны болмауы керек. Сондай-ақ, жаңа ережеге сәйкес, кедергі келтірмейтін болса, тырнақ өсіруге де мүмкіндік беріледі.

Ережеле сақалды да қою беруге рұқсат етіледі. Алайда басшылық оны қауіпсіздік мақсатында қырып тастауды талап ете алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: