Сербияда коронавирустың жаңа толқыны бұрқ етті
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігі наурыз айының соңынан бері алғаш рет бір тәулік ішінде COVID-19-ды жұқтырудың 2 мыңнан астам жағдайын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметінше, ауруханаға 184 науқас жеткізілді, олардың тоғызы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
11 шілдеде Сербияда КВИ жұқтырған 1 876 адам тіркелді, бұл - осы жылдың сәуір айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Пандемия басталғаннан бері Сербияда 2 045 101 адам COVID-19-бен ауырған, одан 16 155 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта республикада өлім-жітім деңгейі 0,79%-ды құрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript