Мирзиёев Қарақалпақстандағы ТЖ режимінің күшін жоятын жарлыққа қол қойды
Podrobno.uz мәліметінше, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің үндеуін, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық тәртіптің қалпына келтірілгенін, азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін ескере отырып, 21 шілдеде сағат 05:00-ден бастап Қарақалпақстан территориясындағы төтенше жағдай режимі қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Айта кетсек, 2 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Қарақалпақстан Республикасының территориясында төтенше жағдай енгізу туралы" жарлыққа қол қойды.
13 шілдеде Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі жұмсартылғаны белгілі болды.
4 шілдеде құзырлы ведомство құқық қорғау органдарының қызметкерлері 516 адамды ұстағанын, олардың көбі босатылғанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 4 шілдедегі жағдай бойынша тәртіпсіздік кезінде 18 адам қаза тапты.