Қысқа қарай коронавирустан болатын өлім-жітім саны артуы мүмкін – ДДСҰ
Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус коронавирустан болатын өлім-жітім санының күрт төмендеуіне қарамастан, күннің суытуына байланысты жақын айларда ауруханаға жүгінушілер мен кісі өлімнің артуы ықтимал деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір айналымда жүрген "омикрон штаммының" майда түрлері бұрынғыларына қарағанда әлдеқайда жұқпалы әрі алда қауіпті нұсқалардың туындау ықтималдылығы да жоғары, деп ТАСС ДДСҰ басшысының сөзін келтіреді.
Вакцинациялау жүргізу деңгейі, әсіресе "табысы төмен елдерде тым төмен" деп мәлімдеді бас директор. Бірақ табысы жоғары мемлекеттерде де, мысалы денсаулық сақтау қызметкерлерінің 30% - ы және қарт адамдардың 20% - ы әлі де екпе алмаған.
Вакцинациялау ісіндегі бұл олқылықтар бәрімізге қауіп төндіреді. Сондықтан, егер сіз әлі екпе алмаған болсаңыз, бустерлі вакциналаудан (екі реттен кейін алынатын үшінші екпе) өтіңіз, – дейді Гебрейесус.
ДДСҰ мәліметінше, 30 тамыздағы жағдай бойынша пандемия басталғаннан бері әлемде 599 071 265 адам КВИ жұқтырған және 6 467 023 адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript