ҰҚШҰ миссиясының қай күні Арменияға аттанатыны белгілі болды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жекелеген аудандардағы қалыптасқан жағдайды бағалау үшін ҰҚШҰ миссиясы жолға шығады. Бұл туралы ҰҚШҰ-дағылар 13 қыркүйекте өзара келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров бастаған миссия тобы 15 қыркүйекте Арменияға ұшады.
ҰҚШҰ миссиясының басшысы-Бас хатшы Станислав Зась келесі аптада Арменияға жұмыс сапармен баруды жоспарлап отыр.
Миссия құрамына ұйым хатшылығының қызметкерлері және ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметшілері болып табылатын ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кірді.
13 қыркүйекте Армения ҰҚШҰ мен БҰҰ-дан ресми түрде көмек сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript