Қырғызстан президенті халыққа үндеу жасайды
Үндеу Астана уақытымен 12:30-да басталады.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс 14 қыркүйек күні таңертең басталған. Тараптар бір-бірін атқылады деп айыптады.
16 қыркүйекте Қырғызстанның Шекара қызметі әскерилер Тәжікстанмен шекарада оқ атуды тоқтатқанын, атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады.
17 қыркүйек күні таңертең Қырғызстанның Баткен облысында тағы да оқ атылып, кейін төтенше жағдай режимі енгізілді.
Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Шекарадағы қақтығыс салдарынан Қырғыз Республикасының 59 азаматы қаза тауып, 153-і жараланған.
Sputnik агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстанда 32 адам қаза тауып, 30 шақтысы жараланған. Тәжікстан Демократиялық партиясының басшысы Сайджафар Усмонзода 20 қыркүйекті ұлттық аза тұту күні деп жариялауға шақырды.