Түркияда инфляция рекордтық деңгейге жетті
Сурет: pixabay
3 қазанда Түркияның Ұлттық Статистика институты бір жылдағы елдегі инфляция 83,45% болғанын мәлімдеді. Мұнда көбіне алкогольсіз сусындар, көлік қызметі мен азық-түлік қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшылардың айтуынша, Түркияда азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындардың бағасы бір жылда 93%, көлік бағасы 117,66% өскен.
Байланыс және білім саласындағы қызмет бір жылда ең аз қымбаттаған, сәйкесінше 30,76% және 36,69%.
Сонымен қатар тұрғын үй нарығында да бағаның үдемелі өсуі байқалды. Ол ай сайын 9,99% өсті. Жылдық есеппен алғанда баға 85% көтерілген.
Түркия Статистика институтының мәліметінше, 4 маусымда елдегі жылдық инфляция 70%-дан асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript