Ердоған мен Путин Астанада келіссөз жүргізді
Сурет: Twitter/tcbestepe
Астанада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 қазанда Дмитрий Песков Түркия президентімен Ресей, АҚШ, Франция, Германия және Ұлыбритания арасындағы келіссөздер Қазақстан астанасында болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Бұған дейін Түркияның Ресей мен Батыс арасындағы келіссөздерді ұйымдастыруға ниетті екені белгілі болған еді.
30 қыркүйекте Владимир Путин Украинаны келіссөзге шақырды. Украина лидері Владимир Зеленский Ресейдің қазіргі президентімен келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript