Беларусьте контртеррорлық операция режимі енгізілді
Сурет: pixabay
Беларусьте контртеррорлық операция режимі енгізілгенін Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей "Известия" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, Украинаның "сүттен ақ, судан тазамыз" дегеніне және Беларусь шекарасында ештеңе жоспарламайтындығы туралы мәлімдемесіне қарамастан, ешкімге сенуге болмайды.
Владимир Макей атап өткендей, ел өз қауіпсіздігін өзі қамтамасыз етуі керек.
9 қазанда бейресми арналар арқылы Украина аумағынан Беларуьске соққы жасалғаны туралы ақпарат тарады. Беларусь президенті Александр Лукашенко тез өзгеріп жатқан жағдайды ескере отырып, елдің қауіпсіздігін нығайту үшін тағы қандай шара қолдану керектігін анықтау қажет екенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript