Түркияда жарылыс болған көмір шахтасындағы жұмыс уақытша тоқтатылды
Сурет: pixabay
Бартын провинциясында метан газынан жарылыс болған көмір шахтасындағы жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Түркияның Табиғи ресурстар және энергетика министрі Фатих Донмез мәлімдеді.
Біз шахтадағы жұмыстарды уақытша тоқтатамыз, өйткені кейбір учаскелерде өрт бар. Біз осы жұмыстар аяқталғанға дейін Амасра шахтасында көмір өндіруді тоқтатамыз. Прокурорлар да бұл іс бойынша тергеуді бастады, деп ТАСС Донмездің сөзін келтіреді.
Қайғылы оқиға Амасра ауданындағы көмір шахтасында 300 метр тереңдікте орын алды. Жарылыс кезінде жер астында 90-нан астам кенші болған. Жарылыс салдарынан 41 адам қаза тапты. 58 адам құтқарылды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған қайғылы жағдайға байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript