Билл Гейтс полиомиелитке қарсы күресте тәліптермен серіктестік орнататынын айтты
Сурет: Twitter/BillGates
Миллиардер полиомиелитпен күресу үшін қолынан келгеннің бәрін істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Билл және Мелинда Гейтс қайырымдылық қоры Ауғанстандағы полиомиелитпен күресу үшін "Талибанның" уақытша үкіметімен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) серіктестік жасайды. Бұл туралы кәсіпкер The Telegraph басылымына берген сұхбатында айтты.
Гейтс қор серіктестерінің тәліптермен Қатарда кездескенін айтты, бірақ ол кездесу туралы егжей-тегжейлі айтқан жоқ. Сондай-ақ ол "Талибан" өкілдерімен бетпе-бет кездесуге дайынсыз ба?" деген сұраққа да нақты жауап бермеді.
Шынымды айтсам, бұл тақырып құпия тақырып па, ол жағын білмедім. Мен полиомиелитке қарсы науқанға барынша көмек берер едім. Билл Гейтс
Сондай-ақ кәсіпкер бүкіл әлем бойынша полиомиелитпен күресу үшін қосымша 1,2 миллиард доллар бөлетінін хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript