Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко Тоқаевты құттықтады

Тоқаев пен Лукашенко, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 14:13 Сурет: akorda.kz
Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Лукашенко егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстан үшін айтулы оқиға және тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам екенін айтты, деп хабарлайды Беларусь басшысының сайты.

Мемлекеттіктің қалыптасуының күрделі тарихына қарамастан, оның осыдан үш он жылдықтан астам уақыт бұрын қаланған іргетасы мызғымас күйінде қалып отыр.

Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстан бейбітсүйгіш сыртқы саясат қағидаттарын берік ұстанып, өзара түсіністік пен тату көршілікті нығайтуға жан-жақты үлес қосып келе жатқанын, Астананың мәнді бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Александр Лукашенко

Беларусь Президенті достық пен сенімге негізделген елдер арасындағы уақыт сынынан өткен қарым-қатынастар азаматтардың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге зор денсаулық, бақыт, отбасыңыз бен пікірлестеріңіздің қолдауы, ал бауырлас Қазақстан халқына тұрақтылық пен гүлдену тілеймін.Александр Лукашенко
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: