Тәліптер наразылық шерулерін тарқату үшін ІІМ жанынан әйелдер бөлімін құрды
Сурет: pixabay
"Талибан" * өкілдері ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің бірінде қызметке әйелдерді қабылдай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА "Новости" ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап, қазіргі уақытта бұл бөлімшеде қызмет етуге 100 әйел дайындалып жатқанын жазды.
Олардың ресми міндеттері айтылмайды, бірақ әйелдер ауған полициясы шерулерді тарату кезінде қолданатын қалқандармен және дулығалармен жабдықталған.
Ауғанстандық әйелдер құқығын қорғаушы Мұхадиса Аминнің айтуынша, әйелдер жасағын құру тәліптердің тактикасына сәйкес келеді және олар әйелдер ұйымдастырған наразылықтарға қарсы күресу керек.
"Талибан" мұны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекетті бақылауда ұстау үшін жасап отыр, – деп жазды агенттік құқық қорғаушының сөзіне сілтеме жасап.
* Қазақстанда тыйым салынған ұйым
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript