Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккен 50 адам ауруханадан шықты
Сурет: primeminister.kz
Ыстамбұлда болған жарылыстан барлығы 81 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккен 81 адамның 50-і медициналық мекемелерден шықты. Бұл ақпаратты 14 қарашада Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді, деп жазды"Известия" басылымы.
"Қазіргі уақытта зардап шеккен 81 адамның 50-і шығарылды". Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу
Сондай-ақ ықтимал шабуыл жасаушы ұсталғаны белгілі болды. Жиналған айғақтар Анкара лаңкестік деп таныған сириялық топтың қылмысты ұйымдастыруға қатысы барын көрсетіп отырғаны айтылды.
Жарылыс 13 қарашада қаланың ең танымал туристік орындарының бірі – Истиклал жаяу жүргіншілер көшесінде болды.
Қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар-жоғын ҚР Бас консулдығы тексеріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript