Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
13 қарашада Ыстамбұлдың ең танымал туристік орындарының бірі – Истиклал жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Стамбулдағы жарылыстан зардап шеккен 81 адамның 50-і медициналық мекемелерден шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.
Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript