БАҚ Ыстамбұлдағы терактіге қатысты күдіктінің ұсталған сәтінің видеосын жариялады
Сурет: видеодан скриншот
Түркияның БАҚ-ы Стамбулда "теракт жасады" деген күдікпен ұсталған әйелдің видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
trthaber басылымының жазуынша, "жарылысқа барлығы 21 адамның қатысы болуы мүмкін" деген күдік бар.
Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу "бомба қойған адам қамауға алынғанын" айтты.
Ол "бізді азапқа салғандар, жақында екі есе азап тартады" деп мәлімдеді.
13 қараша күні кешке Стамбулдың орталығында жойқын жарылыс болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, РИА Новости басылымының жазуынша, күдікті көшедегі орындықта 40 минуттан астам отырып, орнынан тұрғанда жарылыс болған
Салдарынан алты адам қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript