Лукашенко журналистеріне қап-қап картоп таратты
Сурет: president.gov.by
Беларусь президентінің пулындағы барлық журналистерге, сондай-ақ жергілікті БАҚ-тың бас редакторларына бір-бір қап картоп сыйға таратылып берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы беларусь журналисі Игорь Тур өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Сондай-ақ ол әдетте, Президенттің үйлену тойына картопты қабымен сыйға тартатын дәстүрі барын еске алып, бірақ бұл жолы бәріне себепсіз таратылғанын да жеткізді.
"Бүгін президент пулындағы барлық журналист пен операторлар, сондай-ақ БАҚ басшылары бір қаптан картоп алды. Менің білуімше, бұл президенттің жекелей бұйрығы". Игорь Тур
Айта кетсек, Беларусь президентінің картоп сыйлайтын дәстүрі бар. 2019 жылы Жаңа жыл қарсаңында Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинге төрт қап картоп мен шошқа майын сыйға тартқан болатын.
2019 жылдың қараша айында БАҚ әнші Алла Пугачева Минскіге гастрольдік сапарынан Лукашенко сыйға тартқан үш қап картоппен оралғанын жазған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript