Түркияда теңізде қалып қойған мұнай тиелген танкерлер саны артты
Батыс пен түрік билігі Ресей мұнайын тасымалдайтын танкерлер туралы келіссөздер кезінде танкерлер Түркия суында тұрып қалды, деп жазды Reuters.
Британ қаржы министрлігінің өкілі келіссөздер 5 желтоқсанда G7 елдері мен Еуроодақ ресейлік мұнай экспортына жаңа шектеулер енгізген кезден бастап жүріп жатқанын айтты. Шектеу еуропалық фирмаларға ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерді тек барреліне 60 доллардан немесе одан төмен бағаға сатып алған жағдайда ғана сақтандыруға мүмкіндік береді.
АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Оналға бағаның тек ресейлік мұнайға қатысты екенін айтты.
7 желтоқсанда Қазақстан мұнайы тиелген танкерлер Қара теңізде тұрып қалғаны хабарланған еді.