Қазақстан-Қырғызстан шекарасында жеңіл және жүк көліктің көп жиналуынан кептеліс пайда болды
Сурет gov.kz
Қырғызстан ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі Қазақстанмен екі өткізу пунктінің алдында 100-ден астам автокөлік жиналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Чон-Капка-автожол" өткізу пунктінің алдында Қырғызстаннан шығуға кезекте шамамен 25 жеңіл және 20 жүк көлігі тұр. Ал шекаралық бақылаудан өту үшін "Ақ-Тілек-автожол" пунктінің жанында шамамен 97 фура бар.
Мұндай кезекке жанар-жағармай материалдарын тасымалдайтын жеңіл көліктердің санының артуы себеп болған.
"Кейбір жүк және жеңіл автокөлік жүргізушілері кезек сақтамай жүруге тырысып, бақылау өткізу пунктіне кірер жолда кептеліс пайда болды. Бұл бағытта Шекара қызметі тиісті жұмыс жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
Ведомство Қырғызстан ҰҚКК КС тарапынан шекаралық бақылаудан өту кезінде жүк тасымалдаушылар мен жүргізушілер үшін шектеулер жоқ екенін хабарлады.
"Басқа өткізу пункттерінде адамдар мен автокөлік құралдарының топырлап жиналып жатқан жоқ", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript