Қазақстан Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек берді
Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының (БҰҰАЖМ) өкілдерімен бірлесіп Пактика провинциясының Бармал уезіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сапардың мақсаты - жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстанның БҰҰАЖМ арқылы бұрын жіберген гуманитарлық көмектің бір бөлігін (киім, төсек, матрацтар, көрпелер, шағын пештер және тағы басқа) беру. Сапар барысында аталған гуманитарлық көмек Вара, Субха-Хел, Девари және Рагзай төрт елді мекендерінің ақсақалдары мен өкілдеріне берілді. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ақсақалдар мен елді мекендердің өкілдері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен Қазақстан халқына Ауғанстан халқына ауыр жағдайдағы үндеуі және елеулі көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript