Ауғанстанда қыз-келіншектерге университетте оқуға тыйым салынды
Шешім үкімет отырысында қабылданды. Одан кейін елдің Жоғары білім министрлігі бұл туралы оқу орындарына арнайы хат жолдады, деп жазды BBC.
"Талибан" қозғалысының ұстанымы үш ай бұрын басқаша болған еді. Осыған дейін Ауғанстанда мыңдаған қыз бен әйелдердің университеттерге түсу емтихандарын тапсырып жатты. Сонымен қатар сол кездің өзінде оларға ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы, журналистикаға қатысты мамандықтарға түсуге тыйым салынды.
Қазір студент қыздарға келесі ескертуге дейін университеттерге баруға тыйым салынды. Оқу орындарына Талибан талабының орындалуы туралы Жоғары білім министрлігіне тезірек есеп беру тапсырылды.
7 желтоқсанда "Талибан" қозғалысының мүшелері Ауғанстанда билікке келгеннен кейінгі алғашқы жария өлім жазасын орындағаны хабарланған еді.
"Талибан" - Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс.