Жаңалықтар тізбегі
0

Анкарада "Көк бөрілер" ұйымының экс-басшысын белгісіз біреулер өлтіріп кетті

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 17:59 Сурет: Twitter/AhmetOktay09
Анкарада Bozkurtular (Көк бөрілер) деген атпен танымал түріктің "Идеалогиялық ошақтар" ұйымының бұрынғы басшысы, профессор Синан Атешті белгісіз біреулер өлтіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sözçü газетінің хабарлауынша, Атеш пен оның досы Селманды Чанкая ауданындағы үйінің шыға берісінде екі мотоцикльге мінгендер атып кеткен, деп хабарлайды РИА Новости.

"Оқ Синан Атештің басына, ал Селманның иығына тиген. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы жүрекке массаж жасап, содан кейін жеке ауруханаға жеткізгенімен Синан Атеш көз жұмды. Мотоцикльдегі қашқындарды ұстау операциясы басталды", деп жазады басылым.


Хабарлама түсе салысымен оқиға орнына көптеген полиция тобы жөнелтілгені нақтыланады.

Түркі БАҚ-тарының хабарлауынша, аталған қанды оқиғаға қатысты үш күдікті ұсталды.

Bozkurtular - түрік ұлтшыл жастар ұйымы. 1960 жылдардың соңында полковник Алпарслан Түркештің бастамасымен Ұлтшыл қозғалыс партиясының (MHP) қамқорлығымен құрылды, ол кейде тарап отырған. Басқа нұсқаларға сәйкес, ол 1948 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Bozkurtular - пантюркизм идеологиясын ұстанатын МHP-дің ең радикалды қанаты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: