Жаңалықтар тізбегі
0

Жапонияда құс тұмауы өршіп жатыр

Жапонияда құс тұмауы өршіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 10:15 Сурет: pixabay
Жапонияның Миядзаки префектурасында құс тұмауының жаңа ошағы тіркеліп, 100 мыңға жуық тауықты жою басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каваминами қаласындағы жұмыртқа фермасының қызметкерлері өлі тауықтарды байқаған. Олар қандай да бір ауру бар деп, бірден күдіктенген. Генетикалық талдау құс тұмауының жоғары патогенді штаммының барын растады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Ауру ошағы табылды. Сол шаруашылықтың айналасында үш шақырым жерге тауық пен жұмыртқаны тасымалдауға карантин енгізілді. Тауық пен жұмыртқаларды 10 шақырымдық аймақтан тыс жерлерге шығаруға да тыйым салынды.

Мамандар мұны қыркүйек айының соңында басталған қоныс аударатын құстардың әдеттегіден ерте келуімен және вирустың түрлі аймақта таралуымен байланыстырады. Құс тұмауы Жапонияда тауық жұмыртқасының бағасы кейінгі 29 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілуінің себептерінің біріне айналды.

Кейінгі індетті ескерсек, Жапонияда биылғы маусымда құс тұмауынан қырылған құстардың саны 10 миллионнан асты. Бұл - қазіргі уақытта антирекорд. Құс тұмауы салдарынан құс шаруашылығына ең үлкен зиян келді. Алдындағы маусымда 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін 9,87 миллион тауық қырылды, 18 префектурада 52 ауру ошағы болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: