Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды
Сурет: Сабыр Аильчиев
Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Жениш Разақов алаяқтық жасады және лауазымын пайдаланды деген айыппен қамауға алынды, Zakon.kz.
Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.
"Жениш Разақов 2017 жылы өзінің лауазымын пайдаланып, 1 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты алаяқтық жолмен алды деген күдікке ілінді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, Жениш Разақов тергеу изоляторына қамалған.
Айта кетейік, Жениш Разақов 2017 жылы Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2017-2018 жылдары Қырғызстан президентінің кеңесшісі, ал 2018-2020 жылдары Қырғызстанның вице-премьер-министрі болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript